Туляремия

Туляремия - табиғи ошақтығы бар зоонозды жұқпа. Ауру қоздырғышы сыртқы ортада ұзақ сақталады: суда, ылғалды жерде, дәнде, сабанда, азық-түлік тағамдарында. 60°C дейін қыздырғанда 5-10 минуттен кейін өледі, қарапайым дезинфекциялаушы ерітінділермен жойылады.

Аурудың белгілері.Ауру жіті формада, кенеттен дене қызуының 390-400 С көтерілуінен басталады. Бастың қатты ауруы, бастың айналуы, аяқ бұлшық еттерінің, арқа мен белдің ауруы, тәбеттің жоғалуы пайда болады. Ауыр жағдайда адам құсады, мұрыны қанайды. Сипаттық белгілері – лимфалық түйін ұлғаяды, оның мөлшері бұршақтан грек жаңғағының мөлшеріне дейін болуы мүмкін.

Туляремияны қайда және қалай жұқтыру мүмкін?

Табиғатта туляремиямен көбінесе тышқандар, су кеміргіштері, ондатрлар, кұндыздар, атжалмандар ауырады; мысық және иттер азырақ сезімтал; адам өте сезімтал. Адам тері жабындысының зақымдалған жері арқылы, жәндіктің түстеуінен (кенеде, бүргеде, масада, сонада,

құрт-құмырсқада тістеуде және тыныс жолдар др.) ауруға жұтырыла алады. Шаруашылық жұмыстар кезінде (шөп, құрама жем, қоқыс жинау және т.б.) құдықтан және табиғи су қоймаларынан алынған қайнамаған суды ішкенде, кеміргіштердің қиымен ластанған тағамдарды жегенде ауру жұғуы мүмкін.

Аңшылар үшін ауру мал үлкен қауіп төндіреді, өйткені мал етін бөлгенде, терісін алғанда, терінің зақымдалған жерлері арқылы қоздырғыш адамның ағзасына түсуі мүмкін.

Ақсу қ. СЭББ бас маманы М.М. Есельбаева

Дата публикации
18 февраля 2026