e-sen.kz порталында жаңа сервистік бағдарламалық өнім - «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» ақпараттық жүйесінің (АЖ СЭҚ) апробациясы іске қосылды. Жүйенің мақсаты - санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды бақылау және мониторинг жүргізу үдерістерін жеңілдету мен автоматтандыру, рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету және кәсіпкерлердің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын ыңғайлы ету.
АЖ СЭҚ-тың негізгі мүмкіндіктері:
кәсіпкерлер мен санитариялық қызмет мамандары үшін дербестендірілген кабинеттер;
профилактикалық іс-шараларды автоматтандыру: медициналық тексерулер, зертханалық зерттеулер туралы ақпаратқа қолжетімділік, есептер мен ұсынымдар қалыптастыру;
санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау талаптарына сәйкес келмейтін өнімді реестрден тексеру.
Ақсу қ. СЭББ бас маманы И.А. Калёнова