Таңбалау – тұтынушыны ақпараттандыру мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды элементі. Тамақ өнімдерін таңбалауға қойылатын талаптар техникалық регламенттермен белгіленеді және тұтынушылардың қауіпсіздігін, сондай-ақ өнім туралы ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Өнім нарыққа оның таңбалануы 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 «Кеден одағында санитариялық шараларды қолдану туралы» Кеден одағы комиссиясының шешіміне, Кеден одағының ТР/ТС 022/2011 техникалық регламентіне, сондай-ақ оған қолданылатын КО-ның басқа да техникалық регламенттеріне сәйкес болған жағдайда ғана шығарылады.
Тамақ өнімдерінің таңбалануы – бұл қаптамаға, заттаңбаға немесе ілеспе құжаттарға түсірілген, өнімнің құрамы, қасиеттері, өндірушісі, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары және тұтынушыны ақпараттандыру мен қорғау үшін қажетті өзге де сипаттамалары туралы міндетті мәліметтерді қамтитын ақпарат.
Ақпарат шынайы, толық және оңай оқылатын болуы тиіс.
Тамақ өнімінде міндетті түрде мыналар көрсетілуі қажет: өнімнің атауы;құрамы;тағамдық құндылығы (ақуыздар, майлар, көмірсулар, энергетикалық құндылығы);мөлшері (таза салмағы немесе көлемі);дайындалған күні және жарамдылық мерзімі;сақтау шарттары;өндірушінің (немесе импорттаушының) атауы мен мекенжайы; ГМО бар кендігі туралы ақпарат (қажет болған жағдайда); ЕАЭО нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі (ЕАС белгісі).
Тұтынушыларға өнімді таңдау кезінде таңбалануына назар аударуды ұсынамыз.
Ақсу қ. СЭББ бас маманы И.А. Калёнова