Су — өмірдің негізі және адамның күнделікті рационындағы ең маңызды элементтердің бірі. Оның сапасына адамның хал-жағдайы, еңбекке қабілеттілігі және жалпы денсаулығы тікелей байланысты. Қазіргі заманда адамдардың көбі ауызсудың сенімді әрі қауіпсіз көзі ретінде бөтелкеленген суды таңдауда.
Бөтелкеленген су құрамы жағынан құбыр суына қарағанда анағұрлым қауіпсіз болып табылады. Ол ішуге де, тағам дайындауға да арналған. Бөтелкеленген судың бірнеше түрі бар: ас суы, емдік-ас суы және емдік су. Ас суы күнделікті тұтынуға жарамды, ал емдік-ас суы мен емдік су айқын емдік қасиеттерге ие және көрсетілімдер бойынша қолданылады.
Сатылымға шығар алдында бөтелкеленген су Кеден одағының ТР ТС 044/2017 «Табиғи минералды суды қоса алғанда, қаптамадағы ауыз судың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігіне міндетті түрде тексеруден өтеді.
Суды тек тексерілген өндірушілерден немесе ірі сауда желілерінен сатып алуды ұсынамыз. Әрбір бөтелкеде судың көзі (құбыр суы немесе ұңғыманың нөмірі), өндіруші туралы мекенжайы көрсетілген ақпарат, химиялық құрамы және тіркеу деректері міндетті түрде болуы тиіс.
Қауіпсіз бөтелкеленген суды саналы түрде таңдай отырып, өз денсаулығыңызды және жақындарыңыздың денсаулығын қорғаңыз.
Ақсу қ. СЭББ бас маманы И.А. Калёнова