Құтырма — орталық жүйке жүйесін зақымдайтын аса қауіпті вирустық ауру. Инфекция көзі көбінесе жабайы және үй жануарлары (түлкілер, иттер, мысықтар, жарқанаттар) болып табылады. Клиникалық белгілер пайда болғаннан кейін ауру көп жағдайда өліммен аяқталады, сондықтан дер кезінде алдын алу шараларын жүргізу өте маңызды.
Жұғу жолдары
Вирус жұқтырған жануардың сілекейі арқылы, тістеу, тырнау кезінде немесе сілекейдің зақымдалған теріге және шырышты қабықтарға түсуі арқылы беріледі.
Негізгі алдын алу шаралары
Шұғыл алдын алу
Дереу травматологиялық пунктке немесе кез келген медициналық мекемеге барып, құтыруға қарсы көмек алу қажет. Тағайындалған вакцинация курсын толық әрі үзіліссіз алу міндетті. Құтыруға қарсы вакцинация тегін жүргізіледі.
Әрбір өткізіп алған күн — өмірге қауіп!
Ақсу қ. СЭББ бас маманы И.А. Калёнова