Боранды күні жолда қалып қойсаңыз және көріну нашарласа не істеу қажет

Боранды күні жолда қалып қойсаңыз және көріну нашарласа не істеу қажет

– Ақсу қаласының ТЖБ ұсыныстары

  1. Тұманға қарсы шамдарды, сондай-ақ дабылды қосу қажет.
  2. Кедергілер пайда болған жағдайда ең қауіпсіз тежеуді қамтамасыз ету үшін жылдамдықты біртіндеп төмендету керек.
  3. Бұрқасын, боран кезінде, шектеулі көріну жағдайында, мүмкіндігінше ең жақын қауіпсіз жерге (жанармай құю бекеті, дәмхана, шина монтаж пункті, кемпинг) жеткен дұрыс. Тікелей жол жиегінде тоқтамаңыз.
  4. Егер қозғалу мүмкін болмаса және көмексіз шыға алмайтыныңызды түсінсеңіз, дүрбелеңге бой алдырмаңыз, дереу «112» немесе «102» жедел телефондарына қоңырау шалыңыз.

 

Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б

Дата публикации
09 февраля 2026