«Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» тақырыбында ашық сабақ

«Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» тақырыбында ашық сабақ

 

Ақсу қаласының ТЖБ қызметкерлері қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және халықты су тасқыны мен су басу жағдайларындағы іс-қимылдарға үйрету аясында студенттермен «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

 

Сабақ барысында білім алушыларға су тасқыны қаупі төнген және орын алған жағдайларда өзін ұстау ережелері, эвакуациялау тәртібі және жеке қауіпсіздіктің негізгі шаралары түсіндірілді.

 

Осындай іс-шараларды өткізу жастардың хабардарлық деңгейін арттыруға және төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет етуге дайын болуына ықпал етеді.

 

Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б

 

Дата публикации
09 февраля 2026