Вирусты гепатит А

Вирусты гепатит А
Вирусты гепатит А – А вирусынан туындаған бауырдың жедел жұқпалы ауруы.
Вирусты гепатит бауырға әсер ететін және адам денсаулығына қауіп төндіретін кең таралған вирустық ауру.
Гепатит түрлері: А B C D E.
Инфекция факторлары: А және Е гепатиттері ластанған су арқылы, жуылмаған көкөністер мен жемістер және жеке гигиена ережелерін сақтамау арқылы жұғады.
В С D гепатиттері адамның биологиялық сұйықтықтары арқылы – қан, сілекей, шәуат, сондай-ақ босану кезінде жұғады.
Негізгі алдын алу шаралары:
- А, В, Е гепатиттеріне қарсы вакцинация;
- жеке гигиена ережелерін сақтау;
- таза су мен қауіпсіз тамақ ішу;
- жеке гигиена құралдарын қолдану (маникюр және педикюр керек жарақтары, ұстаралар, тіс щеткасы),
- стерильді емес жағдайларда пирсинг пен татуировка жасамау, қауіпсіз жыныстық қатынас,
- медициналық аспаптар мен жабдықтардың стерильділігін сақтау,
- донорлық қанның қауіпсіздігі.
А гепатитінің алдын алу дегеніміз не.
- жеке гигена ережелерін сақтау қажет – тамақ ішер алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолыңызды сабынмен жуыңыз, ыдыстарды және тамақ өнімдерін таза ұстаңыз.
- кездейсоқ су көздерінен немесе краннан су ішпеңіз, тек қайнаған суды ішіңіз.
Ақсу қ. СЭББ бас маманы И.А. Калёнова



Дата публикации
09 февраля 2026