Ақсу өңірінің 2025 жылғы қаңтар-желтоқсан әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары
1.1. Өнеркәсіп
2026 жылғы 1 қаңтарға өнеркәсіп өндірісінің көлемі 776 599,6 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі (бұдан әрі - НКИ) 2024 жылдың ұқсас кезеңіне 105,8% құрады (2024 ж. - 721 739,8 млн. теңге, НКИ-115,6%).
- тау-кен өндіру өнеркәсібінің өндіріс көлемі - 9 811,8 млн. теңге, НКИ – 87,7% (2024 ж. – 7 555,5 млн. теңге, НКИ – 90,5%);
- өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі - 660 261,4 млн. теңге, НКИ-107,0% (2024 ж. – 630 498,1 млн. теңге, НКИ – 119,6%);
- электрмен жабдықтау - 104 785,7 млн. теңге, НКИ – 101,1% (2024 ж. – 82 239,4 млн. теңге, НКИ-97,3%);
- сумен жабдықтау – 1 740, млн.теңге, НКИ – 100,7% (2024 ж. – 1 446,8 млн. теңге, НКИ – 93,5%).
1.2. Ауыл шаруашылығы
2025 жылғы қаңтар-желтоқсан айлары ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 52 671,8 млн. теңгені құрайды. НКИ - 106,9% (2024 ж. – 41 667,9 млн. теңге, НКИ - 107,8%).
Өсімдік шаруашылығы - 31 148,6 млн. теңге, НКИ - 100,6%.
Мал шаруашылығы – 20 961,1 млн. теңге, НКИ - 118,4%.
Ақсу өңірінде 577 ауыл шаруашылығы құрылымдары бар.
Мал шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы саны:
ІҚМ - 44 565 бас, 102,2% (2024 ж. - 43 621 бас);
жылқы - 23 528 бас, 113,1% (2024 ж. – 20 812 бас);
қой 55 540 бас, 103,6% (2024 ж – 53 603 бас);
ешкі 3426 бас, 86,1% (2024 ж – 3978 бас);
шошқа 395 бас, 51,4% (2024 ж – 769 бас);
құстар – 390 096 бас, 977,9% (2024 ж. – 39 891 бас).
Тірі салмақтағы ет – 9 642,4 тонна (124,5%), сүт – 36 932,6 тонна (143,9%), жұмыртқа - 1 428,4 мың дана (99,7%) құрады.
1.3. Құрылыс
Құрылыс жұмыстарының көлемі – 59 363,5 млн. теңгені құрады. НКИ – 126,4% (2024 ж. – 43 278,0 млн. теңге, НКИ - 103,7%).
1.4. Тұрғын үйді енгізу
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 85 600 ш.м., НКИ – 100,6% (2024 ж. – 85 103 ш.м., НКИ – 137,0%).
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі - 188 628,5 млн. теңгені құрады. 2024 жылдың ұқсас кезеңінде НКИ - 204,2% (2024 ж. 164 626,7 млн.теңге, НКИ – 120,5%).
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілер саны тіркелген 3839 бірліктен 3458 бірлік немесе 2024 жылдың ұқсас кезеңіне 96,0% (3869 бірліктен 3603 жұмыс істейтін - 93,1%).
Бөлшек сауда көлемі 51 091,1 млн. теңгені құрады, НКИ - 2024 жылдың ұқсас кезеңіне 101,5% (2024 ж. – 46 163,5 млн. теңге, НКИ – 112,1%).
Анықтама: Көтерме сауда көлемі - 19 888,0 млн. теңге, НКИ -101,0%.
5.1 Еңбек нарығы
Жұмыссыздық деңгейі – 4,8% құрайды.
Есепті айдың басында жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздар саны 1529 адамды құрады.
2026 жылғы 1 қаңтарға 1891 адам бос жұмыс орындарына орналастырылды, жастар практикасына 195 адам жіберілді.
Қоғамдық жұмыстарға - 272 адам.
Жалпы сомасы 124,0 млн.теңгеге 215 отбасына (1063 адам) АӘК тағайындалды.
5.2. Еңбекақы төлемі
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 448 103 теңгені немесе 2024 жылға 113,1% құрады (2025 жылғы 3 тоқсан ішіндегі стат. деректер).
Ақсу өңірінде 25 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде: 22 – орта, 2 – негізгі, 1 - бастауыш, 15 – балабақша, оның ішінде 1-жекеменшік, 15 – жалпы білім беретін мектептер жанындағы шағын орталықтар, 3-қосымша білім беру ұйымдары (БӨМ, БШҮ, БЭТО).
1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту – 97,4%, 2 жастан 6 жасқа дейін - 100%, 3 жастан 6 жасқа дейін - 100 %.
Өңір бойынша барлығы 0-6 жастан бастап - 3990 бала, оның ішінде 3 жастан 6 жасқа дейін - 2926 бала.
1-11 сынып оқушыларының контингенті 11091 құрайды. 5 мектепте оқыту қазақ тілінде, 19 қазақ және орыс тілдерінде, 1 орыс тілінде жүргізіледі.
Барлық мектептер компьютерлермен, ішкі және сыртқы модификациялардың бейнекамераларымен, Ақсу қаласы полиция бөлімінің пультіне шығарылатын дабыл түймелерімен қамтамасыз етілген.
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша онкологиялық ауру бойынша көрсеткіштің 2,0% – ға (100 мың тұрғынға шаққанда 289,1, 2024 ж. - 283,3) ұлғаюы байқалады, бұл ретте қан айналымы жүйесінің сырқаттану көрсеткіші 13,8% – ға (100 мың тұрғынға шаққанда 2864,4, 2024 ж. - 2518,1) ұлғайды.
Сапалы орталық сумен қамтамасыз ету - 98,0%, электрмен жабдықтау - 100%, жылу желілерінің жалпы ұзындығы - 115,0 км.
Өңір бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы Ақсу өңірі бойынша аудандық маңызы бар 671,3 км құрайды (оның ішінде республикалық маңызы бар - 182 км; облыстық маңызы бар - 61 км; аудандық маңызы бар – 134,4 км; қала көшелері 80,9 км, ауылдық елді мекендердің кентішілік көшелері - 213 км).
Аудандық маңызы бар жолдарды күрделі жөндеуге 570,4 млн. теңге қарастырылған.
Жылу желілерінің тозуы – 52,7%, электр желілерінің тозуы - 69%, су құбыры желілерінің тозуы – 67,2% құрайды.
Қала көшелерінің қанағаттанарлық және жақсы жағдайдағы үлесі 70,3% құрады.
6 ауылдық округте 11 учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді, оның 11 қызметтік автокөлік бар.
1 қоғамдық құрылым жұмыс істейді, онда 38 қоғамдық полиция көмекшісі бар.
2025 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде 395 қылмыс тіркелді (2024 ж. - 431), оның ішінде 38 көшеде жасалды (2024ж. - 43).
Ақсу өңірі бойынша 1-3 санаттағы кірістер 2026 жылғы 1 қаңтарға 107,7% орындалды (жоспар бойынша 17 194,9 млн. теңге түсті 18 517,6 млн. теңге ).
Бюджет шығыстары жоспар барасында 20 978,1 млн. теңге, игерілді 20 934,0 млн. теңгеге немесе нақты шығындар есебінен 99,8%.
РБ - 0,02 млн. теңге;
ОБ - 2,4 млн. теңге (1,2-құрылыс бөлімінің Ақсу қаласы телімдерінің магистральдық су құбыры желілерін қайта жаңарту және магистральдық су құбыры желілерін қайта жаңарту жобалары бойынша үнемдеу. Түзету; 1,2 млн теңге – жұмыспен қамту бөлімінің іс-шаралары бойынша, әлеуметтік төлемдерді алушыларды азайту; 0,05 - шығыстарды нақты есептеу);
ЖБ - 41,5 млн. теңге – (18,7 млн. теңге – ЖАО резерві; 9,5 млн. теңге – ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің бағдарламалары бойынша; 13,3 млн.теңге – өзге де үнемдеу).
Орындаушы: Искакова А.А- экономика бөлімінің бас маманы