Қышыма ауруының алдын алу
Қышыма маусымдық ауру болып саналады, әдетте ол күзгі және қысқы айларда кеңінен таралады.
Қышыма (Scabies) жәндіктер – қышыма кенелері арқылы қоздырылады. Қышыма кенесінің аналығы теріге түскен соң, тері ішіне жолдар салып, сол жерге жұмыртқа салады. Аналық кененің өмір сүру ұзақтығы – 1,5 ай, осы уақыт ішінде ол шамамен 40–50 жұмыртқа салады. Аналық кене қышынуды тудыратын зат бөледі. Даму циклы толықтай 2 аптаға созылады. Иесінсіз ортада кенелер 5–14 күн өмір сүре алады.
Белгілері:
Түнгі уақытта қатты қышыну байқалады. Териде қызыл дақтар түрінде бөртпелер пайда болады. Қышыма жолдары ұзындығы 1–3 см болатын сұрғылт түсті жіңішке сызықтар түрінде көрінеді, олардың бір шетінде қара нүкте – аналық кене байқалады.
Қышыма тек тұрмыстық-контакт арқылы жұғады: паразит «иесімен» тікелей байланыс кезінде (ұзақ уақыт тері-терісіне жанасу), қышымамен ауырған адамның іш киімі немесе төсек-орны, жұмсақ жиһаз, монша немесе бассейннің шешінетін бөлмелері арқылы жұғуы мүмкін.
Сондықтан гигиеналық талаптарды сақтамау жұқтыру қаупін арттырады.
Қышыманың алдын алу шараларына мыналар жатады:
Қышымамен ауырған адамның отбасының барлық мүшелері тексеруден өтуі тиіс. Жылумен өңдеуге келмейтін заттарды (ойыншықтар, жиһаз, кілемдер, аяқ киім, матрастар) арнайы препараттармен залалсыздандыру қажет.
Емделмесе, қышыма өздігінен жазылмайды!
Өзін-өзі емдеу ұзаққа созылып, басқа инфекциялардың дамуына әкелуі мүмкін. Қышыманы толық жою үшін науқаспен бірге болған барлық адамдар бір мезгілде емделуі керек. Емдеу киімдерді, төсек-орынды және тұрғын үйді дезинфекциялаумен қатар жүргізілуі тиіс.
Қышыманың алғашқы белгілері пайда болған кезде міндетті түрде дәрігерге жүгініңіз!
Ақсу қ. СЭББ бас маманы И.А. Калёнова