Тұмау

Ақсу өңірінде ЖРВИ мен тұмауға қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты болып отыр.

Суық тию аурулары маусымының басталуымен Ақсу өңірінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты екенін атап өтуде.

Ақсу қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының деректеріне сәйкес, эпидемиологиялық маусым басталғалы бері өңірде ЖРВИ-дің 14 082 жағдайы тіркелген.

Ауруға шалдыққандардың негізгі бөлігін 14 жасқа дейінгі балалар құрайды — 62 % (8 736 жағдай).

2026 жылдың 4-аптасының қорытындысы бойынша сырқаттанушылықтың өсуі байқалды: өткен аптадағы 637 жағдаймен салыстырғанда 693 ЖРВИ жағдайы тіркелген. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар — 420 жағдай (60 %). Өңір бойынша эпидемиологиялық шектерден асу тіркелген жоқ.

Тұмау вирустары мен ЖРВИ-дің басқа да қоздырғыштарының айналымына мониторинг жүргізу және зертханалық бақылау тұрақты негізде жалғасуда. Тұмаудың алдын алудағы негізгі құралдардың бірі — вакцинация.

Бүгінгі таңда тұмауға қарсы 6 870 адам егілген, бұл вакцинациялануға жататын контингенттің 90 %-ын құрайды. Жалпы облыс бойынша вакцинациямен қамту халықтың жалпы санының 10 %-ын құрады.

Мамандар еске салады: вакцинация — тұмаудан және оның асқынуларынан қорғанудың ең тиімді тәсілі. Маусымдық сырқаттанушылықтың өсуі кезеңінде алдын алу шараларын сақтау маңызды — тоңып қалудан сақтану, қолды жиі жуу, үй-жайларды желдету және аурудың алғашқы белгілері пайда болған жағдайда медициналық көмекке жүгіну.

Ақсу қалалық СЭББ бөлім басшысы К Сагитова

Дата публикации
05 февраля 2026