Педикулездің алдын алу
Көптеген адамдар битті өткен заманның ауруы деп ойлайды, алайда қазіргі уақытта да педикулез жиі кездеседі. Педикулез көбінесе балабақшалар мен мектептерде құрдастарымен тығыз қарым-қатынаста болатын балалар арасында анықталады.
Бас биттері бастың шашты бөлігінде өмір сүреді, қанмен қоректенеді және жұмыртқаларын (сіркелерін) шашқа жабыстырып салады.
3 күн ішінде бір бит 45-ке дейін жұмыртқа сала алады. 8–10 күннен кейін сірке дернәсілге, ал кейін ересек битке айналады. Ұрғашы бит 10–15 күннен соң жұмыртқа сала бастайды. Өмір сүру ұзақтығы – 38 күн. Иесінсіз ортада бас биті 55 сағаттан артық өмір сүрмейді.
Белгілері:
Жәндік шаққан жерде қатты қышыну мен тітіркену пайда болады. Бас терісінде қасу іздері, қабыршақтар байқалады, олар жұқтырылып, қабынуы мүмкін, бұл екіншілік инфекцияға (пиодермияға) және лимфа түйіндерінің ұлғаюына әкеледі.
Бит жұғу жолдары:
Маңызды:
Көбінесе іш киім арқылы – киім биттері, бас киімдер арқылы – бас биттері, ал ішкі киім арқылы – шат биттері жұғады.
Педикулездің алдын алу шараларына мыналар жатады:
Балалар ұжымдарында педикулезге мерзімді тексерулер жүргізу, науқасты ұжымнан оқшаулау қажет.
Киім мен төсек-жабдықтарына ұқыпты қарау: сырт киімді, жұмсақ жиһазды үнемі тазалау (жуу, желдету, химиялық тазалау); тек өз киімін, әсіресе бас киімдерді пайдалану; төсек-жабдықтарын тұрақты түрде ауыстырып, жуу; моншада, бассейнде жеке бас киімдерді қолдану және т.б.
Емделмесе, педикулез өздігінен жазылмайды!
Өзін-өзі емдеу ұзаққа созылып, басқа инфекциялардың дамуына себеп болуы мүмкін. Педикулезді толық жою үшін науқастың жанында болған барлық адамдар бір мезгілде емделуі тиіс. Емдеу киімдерді, төсек-орынды және бөлмені дезинфекциялаумен қатар жүргізілуі қажет.
Педикулездің алғашқы белгілері байқалған жағдайда міндетті түрде дәрігерге жүгініңіз!
Ақсу қ. СЭББ бас маманы И.А. Калёнова