Күйдіргі

Күйдіргі

Күйдіргі- көбінесе тері түрінде, сирек жағдайда өкпе және ішек түрінде жіті жұқпалы ауру.

Күйдіргі спорасы сыртқы ортаға өте бейім, олар топырақта 10 жылдан артықсақталады: ауру малдың зәрі, тезегі сіңген жайылымда көптеген жылдар бойы күйдіргі ауруы сақталады.

Жұқпа көзі - үй жануарлары (ірі мүйізді малдар.қойлар, ешкілер, түйелер, шошқалар).

Күйдіргі жануарларда мынадай белгілерімен ерекшеленеді:

3-4 күннен аспайтын жұқтыру кезеңі;

ауыр қызба жағдайы, жүрек-қан тамыр қызметінің бәсеңдеуі, бас ауыруы, қантышқақ және құсу;

ауру тез дамып, жануарлар 2-3 күннің ішінде өліп кетеді.

Адам ауру малды күткен кезде, сойған кезде, ет өңдеген кезде, сонымен қатар, мал өнімдерімен жұмыс істеген кезде (тері, үлбір, жүн, қылшық өңдегенде) жұқтырады. Көптеген жыл күйдіргі қоздырғыш споралары сақталған топырақ арқылы жұғу мүмкін.Споралар адам терісіне елеусіз зақым, зарарланған тамақтар арқылы түседі.

Адамнан адамға жұғу байқалмаған.

Алдын алу шаралары

Мал күтімі және мал шаруашылығы өнімдерімен байланыс кезінде жеке гигиена қағидаларын сақтау;

Өлген жануарлардың мәйттерін өз бетінше кәдеге жаратуға болмайды (жануарлар күйдіргіден өлген жағдайда жануарларды өлекселері өртеліп, олардан алынған тамақ өнімдері жойылуға тиіс);

Аурудың, жануарларды мәжбүрлі союдың немесе өлімнің әрбір жағдайы туралы ветеринариялық мамандарға хабарлау;

Күйдіргі жұқтырып алмас үшін , ұйымдастырылмаған сауда орындарында , жеке адамдардан қайдан әкелгендігі белгісіз ет сатып алмаңыздар!

 

Ақсу қ. СЭББ бас маманы И.А. Калёнова

Дата публикации
27 января 2026