Көкжөтел
Көкжөтел — тыныс алу жолдарының жедел жұқпалы ауруы, әсіресе ерте жастағы балалар үшін өте қауіпті. Көкжөтелдің алдын алудың негізгі және ең тиімді әдісі — вакцинация.
Жоспарлы вакцинация балалар жасында АКДС құрамдастырылған вакциналары арқылы жүргізіліп, тұрақты иммунитет қалыптастырады. Қорғанысты сақтау үшін ревакцинацияның маңызы зор, өйткені уақыт өте келе иммунитет әлсірейді.
Алдын алу шараларына мыналар жатады:
Жаңа туған және егілмеген балаларды қорғауға ерекше көңіл бөлу қажет, себебі оларда көкжөтел өте ауыр түрде өтуі мүмкін. Уақтылы жүргізілген профилактика аурудың және оның асқынуларының қаупін едәуір төмендетеді.
Ақсу қ. СЭББ бас маманы И.А. Калёнова