Ақсу қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері «Өзіңді тексер – қауіпсіз бол» профилактикалық акциясын өткізді.
Іс-шара барысында өрт дабылқаққышын тексеру және оған техникалық қызмет көрсету тәртібі бойынша жауапты тұлғаларға кеңестік көмек көрсетіліп, сондай-ақ өрт дабылы іске қосылған жағдайда персоналдың іс-әрекеттері түсіндірілді.
Аталған акция түсіндіру сипатында өткізіліп, өрттердің алдын алуға және адамдардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталды.
Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б