Көмірқышқыл газы (иіс газы) датчиктерін орнату жұмыстарын жүргізілді.
Тұрғын үй секторында жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ақсу қаласы ТЖБ-ның №13 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері, Қалқаман ауылдық округі әкімдігімен бірлесіп, Қалқаман ауылдық округінің тұрғын үйлерінде көмірқышқыл газы (иіс газы) датчиктерін орнату жұмыстарын жүргізді.
Аталған іс-шара әлеуметтік осал топтағы тұрғындарға қолдау көрсетуге бағытталды. Атап айтқанда, көпбалалы отбасылар, жалғыз тұратын қарт азаматтар және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар қамтылды. Іс-шара аясында барлығы 16 отбасы қамтылды.
Бұл жұмыс тұрақты негізде жүргізіліп, жылыту кезеңінде төтенше жағдайлардың туындау қаупін төмендетуге, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған.
Ақсу қаласы ТЖБ қызметкерлері тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға және қандай да бір ақаулар анықталған жағдайда тиісті қызметтерге жедел түрде хабарласуға шақырады.
Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б