Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің №12 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыстар аясында ауылдық жерлерде тұратын тұрғындарға көмек көрсетіп, тұрғын үйлерге көмірқышқыл газының (иіс газының) датчиктерін орнатты.
Аталған іс-шара пешпен жылыту және газ жабдықтарын пайдалану кезінде туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Қосымша қорғаныс пен уақтылы хабарландырудың маңызы зор отбасыларға ерекше назар аударылды.
Үйлерді аралау барысында өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері датчиктерді орнатып қана қоймай, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдалану ережелерін, сондай-ақ сигнализатор іске қосылған жағдайда атқарылатын іс-қимылдарды түсіндірді.
Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімі алдағы уақытта да халықты ақпараттандыру және өрт пен тұрмыстық қауіпсіздік мәселелері бойынша практикалық көмек көрсету жұмыстарын жалғастырады.
Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б