Павлодар облысындағы жолдардың жабылуы: шағын автобустардың жолаушылары ауа райының қолайсыздығының өтуін жылыту пунктерінде күтті.
16 қаңтарада автокөлік жолдарының жабылуына және ауа райының қолайсыздығына байланысты балалар шығармашылығы үйінің ғимаратында орналасқан Ақсу қаласының жылыту пунктінде Өскемен – Қарағанды бағыттары бойынша жүретін автобустың жолаушылары уақытша орналастырылды.
Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 25 адам жылыту пунктіне жіберілді. Орналастырылғандардың барлығына ыстық тамақ пен сусындар, ұйықтайтын орындар берілді. Демалуға және жолдардың ашылуын күтуге жағдай жасалған.
Ауа-райының қолайсыздығын күтіп, жолдардың ашылуын күткеннен кейін шағын автобустар бағыт бойынша қозғалыстарын бастады.
Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б