Өрттердің және жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері полиция бөлімімен бірлесіп, қоғамға жат өмір салтын ұстанатын азаматтардың тұрғылықты жерлері бойынша үгіт-насихат және профилактикалық іс-шаралар өткізді.

Профилактикалық жұмыс қысқы кезеңде өрт қауіпсіздігі шараларын күшейту аясында ұйымдастырылды. Себебі ауа температурасының төмендеуіне байланысты тұрғын үй секторында өрт шығу қаупі айтарлықтай артады.

Рейдтік іс-шаралар барысында мамандар аталған санаттағы азаматтардың тұратын орындарын аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді және өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын еске салды. Пешпен жылыту жүйелерін және электр жылыту құралдарын пайдалану ережелеріне, төсекте темекі шегуге жол бермеуге, сондай-ақ тұрғын үйлерді тиісті өртке қарсы жағдайда ұстау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарды, әсіресе қатты аяз кезеңінде, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға және жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде жауапкершілік танытуға шақырады.

Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б

Дата публикации
26 января 2026