2026 жылғы 7 қаңтар күні тұрғын секторда өрттің алдын алу және адамдардың қаза болуын болдырмау мақсатында Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметкерлері жеке тұрғын үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Шара барысында әсіресе жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, пештерді, электр жабдықтарын және тұрмыстық жылыту құрылғыларын дұрыс пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Профилактикалық іс-шаралар кезінде өрт сөндірушілер азаматтарға өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын түсіндіріп, өрт шыққан жағдайда іс-қимыл тәртібін еске салады, жылыту пештерінің, электр сымдарының жағдайын және алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуын тексереді.
Тұрғындарға жылыту құрылғыларын, газ жабдықтарын және электр құралдарын қауіпсіз пайдалану бойынша нұсқаулықтар мен жадынамалар таратылады.
Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б