Менингококк инфекциясы
Менингококк инфекциясы – бұл менингококк тудыратын жіті инфекциялық ауру, ол жұтқыншақты, ми қабығын зақымдайды.
Жұқтыру жолы: ауа-тамшылары арқылы (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде).
Инфекция көзі: науқас адамдар мен бактерия тасымалдаушылар.
Белгілері: бастың қатты ауруы, қызудың көтерілуі, бөртпе, жүрек айну мен құсу, тәбеттің төмендеуі, әлсіздік.
Өзіңіз бен жақындарыңызды қалай қорғауға болады:
жеке бас гигиенасы ережелерін қатаң сақтау;
таза ауада жиі серуендеу ұсынылады;
толыққанды және үйлесімді тамақтану, спортпен шұғылдану;
жіті және созылмалы жұтқыншақ ауруларын уақытылы емдеу.
Менингококк инфекциясына тән ауру белгілері пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну қажет, өін-өзі емдеумен айналысуға болмайды.
Ақсу қ. СЭББ бас маманы И.А. Калёнова