Бруцеллез

Бруцеллез

Бруцеллез – жіті инфекциялық-аллергиялық зооноздық ауру.

Адамның бруцеллезбен жұғу жолдары – жанасу, аэрогенді жолдар.

Адамдарға бруцеллезді жұқтырудың негізгі көздері қой, ешкі, ірі қара және шошқа болып табылады.

Ауру жануардан адамға инфекцияның берілу факторлары болып жануарлардан алынатын шикізаттар (жүн, мамық, тері), ет және сүт өнімдері, ауру малды күту құралдары және бруцелламен ауырған басқа да заттар табылады.

Аурудың инкубациялық кезеңі 1-2 апта, кейде екі айға дейін созылады, ол ағзаға түскен қоздырғыштың дозасымен, оның вируленттілігімен және организмнің төзімділігімен анықталады.

Бруцеллездің алдын алу үшін қажет:

- ветеринариялық қызметке хабарламай малды сатып алуға, сатуға, союға жеткізуге және мал шаруашылығы өнімдерін өткізуге жол бермеуге.

- стихиялық рұқсат етілмеген базарлардан ет және ет өнімдерін (фарш, шұжық, жартылай фабрикаттар), зауыттық емес сүт және сүт өнімдерін сатып алмау.

- жеке өндірушіден сатып алынған сүт сүт өнімдері мен жануарлардан алынатын өнімдер тек мұқият термиялық өңдеуден өткеннен кейін тұтынылуы керек.

Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!

Ақсу қ. СЭББ бас маманы И.А. Калёнова

Дата публикации
21 января 2026