АҚСУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «АҚСУ ҚАЛАСЫНДА ЖӘНЕ АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕ САЛЫҚ САЛУ ОБЪЕКТІСІНІҢ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІН ЕСКЕРЕТІН АЙМАҚҚА БӨЛУ КОЭФФИЦИЕНТТЕРІН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» ҚАУЛЫСЫНЫҢ ЖОБАСЫНА ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Ақсу қаласы әкімдігінің осы қаулы жобасы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес енгізіледі.
Ақсу қаласы әкімдігінің осы қаулысын қабылдаудың мақсаты-Ақсу қаласында және Ақсу қаласының ауылдық округтерінде салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймақтарға бөлу коэффициенттерін бекіту.
Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Қаулы жобасын қабылдау жергілікті бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді.
Қаулы жобасы "Электрондық үкіметтің" интернет – порталында
ашық НҚА бөлімінде орналастырылған: сілтеме https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=4955801
«Ақсу қаласының қаржы бөлімі» ММ
басшысы Е. Сағынтаев