«Ақсу қаласының жекелеген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» бірлескен Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің қаулысы мен мәслихат шешімінің жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

«Ақсу қаласының жекелеген санаттағы азаматтарының қоғамдық

жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» бірлескен Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің

қаулысы мен мәслихат шешімінің жобасына

 

Қаланың осы жобасы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, 31-бабының       2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13-бабына сәйкес енгізіледі.

Ақсу қаласының қалалық тұрақты тасымалдауларына «Bus-pvl» ЖШС мен «Аксутрансбизнес» ЖК-нің тасымалдаушылары қызмет көрсетеді, маршруттар бойынша автобустардың 27 бірлігі жұмыс жасайды, техникалық бүлінулер орын алған жағдайда резервтегі автобустар шығарылады. 12 тұрақты қалалық маршруттар жұмыс жасайды, соның ішінде 2 маршрут №№ 6,7 саябаққа апаратын.

         Қазіргі таңда 2016 жылғы 26 желтоқсандағы бірлескен «Ақсу қаласының жекелеген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5357 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 ақпанда «Ақсу жолы» және «Новый путь» газетінде тіркелген) № 1038/11 Ақсу қаласы әкімдігінің қаулысы мен мәслихат шешімі қолданыста.

          Ақсу қаласының жолаушылар тасымалының мен багажды қызмет көрсету сапасын жақсарту, сондай-ақ қоғамдық көлікте билеттендірудің бірынғай электрондық жүйесін еңгізу мақсатында, «Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемелекеттік мекемесі «Ақсу қаласының жекелеген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» бірлескен Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің қаулысы мен мәслихат шешімінің жобасын қарауға енгізеді.

          Шешім жобасы «Электрондық Үкімет» интернет-порталында ашық НҚА бөлімінде орналыстырылған: https://legalacts. egov.kz/arm/ admin/ viewcard ?id= 5556415

 

 

         Ақсу қаласының тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылығы,

жолаушылар көлігі және

автомобиль жолдары

бөлімінің басшысы                                                   Н.Конротбаев

Дата публикации
27 ноября 2020