БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Ақсу қаласы әкімдігінің
«Ақсу қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тарифтерді белгілеу туралы» қаулы жобасына
Қаланың осы қаулы жобасы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 31-бабынын 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» заңының 19-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, ақша қаражатының көлеңкелі айналымын болдырмау және жолаушылар тарапынан Ақсу қаласының қоғамдық көлігінде қолма-қол ақшасыз жолақысын төлеу әдісінің тартымдылығын арттыруды қамтамасыз ету мақсатында сәйкес енгізіледі.
Ақсу қаласының қалалық тұрақты тасымалдауларын «Bus-pvl» ЖШС мен «Ақсутрансбизнес» ЖК тасымалдаушылары қызмет көрсетеді, маршруттар бойынша автобустардың 27 бірлігі жұмыс жасайды, техникалық ақаулықтар орын алған жағдайда резервте тұрған автобустар шығарылады.
«Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындау шеңберінде және жолаушылар көлігі жұмысының экономикалық тиімділігін арттыру, жолаушылар тасымалының мен багажды қызмет көрсету сапасын, қылмыс жиі жасалатын жағдайды, жолаушылар легінің абсолюттік есебін жақсарту, қаржы ағынының айқындығын арттыру, Ақсу қаласында қоғамдық көліктегі жолақы төлеудің электрондық жүйесін жұмыс жасауын және кешенді алып жүруді қамтамасыз ету бойынша жолаушылар тасымалының көрсетілген қызметтеріне бақылауды күшейтуден жергілікті бюджетке түсетін қосымша салықтарды алу мақсатында, «Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ақсу қаласының аумағында жолаушыларды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға арналған сараланатын тарифтерді белгілеу туралы жобаны қарастыруға енгізеді.
Шешім жобасы «Электрондық Үкімет» интернет-порталында ашық НҚА бөлімінде орналыстырылған: https:// legalacts. egov.kz /arm/ admin/ viewcard ?id =5 556 056
Ақсу қаласының тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары
бөлімінің басшысы Н.Конротбаев