Адам папиллома вирусы дегеніміз не?
Адам папиллома вирусы (АПВ) шамамен 200-ге жуық түрді қамтитын вирустар тобына жатады. Олардың кейбіреуі адам денсаулығы үшін салыстырмалы түрде қауіпсіз болса, басқалары ағзада онкологиялық үдерістің дамуын қоздыруы мүмкін.
Қазіргі таңда АПВ сыртқы жыныс ағзалары ауруларының ішінде ең кең таралған әрі агрессивті патология болып табылады. Вирус онкологиялық аурулардың, атап айтқанда көмей мен ауыз қуысының, тік ішектің, вульва мен қынаптың, жатыр мойнының қатерлі ісігінің дамуына себеп болуы мүмкін.
АПВ-инфекция ұзақ уақыт бойы ешқандай белгілерсіз өтуі мүмкін, бірақ ауыр салдарға да әкелуі ықтимал.
Көптеген адамдар клиникалық көріністері байқалмай-ақ, вирустың тасымалдаушысы болуы мүмкін.
Онкогендік қаупі бар АПВ штаммдары:
Жоғары онкогендік қауіп тобына жататын штаммдар (16, 18, 31, 33 және т.б.);
Төмен онкогендік қауіп тобына жататын штаммдар (6, 11, 32, 40–44, 72).
Онкогендігі төмен штаммдар тері бетінде сүйелдер мен папилломалардың пайда болуына әкеледі.
Ал онкогендігі жоғары вирус штаммдары аногениталды аймақта, әйелдерде жатыр мойнының бетінде, ерлерде жыныс мүшесінде кондиломалардың түзілуіне себеп болады. 16, 18, 31, 33 типті вирустардың ағзаға ұзақ уақыт әсер етуі жатыр мойны дисплазиясына және аса қауіпті ауру – жатыр мойны обырына әкелуі мүмкін.
АПВ тұрмыстық-қатынастық, жыныстық және вертикальды жолмен беріледі.
АПВ-ның алдын алу шаралары:
Жыныстық қатынаста бір ғана тұрақты серіктестің болуы;
Вирус тері жабындысының зақымдалған аймағымен жанасу кезінде де жұғуы мүмкін;
Қыз-келіншектерге гинеколог дәрігерге тұрақты түрде тексеріліп тұру қажет;
Вакцинация – алдын алудың ең тиімді әрі қолайлы әдісі. Вакцинацияны ерлерге де, әйелдерге де жасауға болады.
Ғалымдардың деректеріне сәйкес, 11–13 жас аралығындағы қыз балаларды вакцинациялау жатыр мойны обырының даму қаупін 90%-дан астам төмендетеді.
Ақсу қ. СЭББ бас маманы И.А. Калёнова