Иммундау
Иммундау – дифтерия, сіреспе, қызылша, полиомиелит, қызамық, А және В вирустық гепатиттері, құтыру, тұмау және өзге де ауыр асқынулар мен мүгедектікке, тіпті өлімге әкелуі мүмкін жұқпалардан қорғанудың ең тиімді тәсілі.
Ұлттық екпе күнтізбесіне енгізілген барлық инфекциялар адам өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.
Мәселен, полиомиелит өмір бойы сақталатын салдануға әкелуі мүмкін; дифтерия – салдану мен миокардитке; эпидемиялық паротит – бедеулік пен қант диабетіне; В гепатиті – бауыр циррозы мен қатерлі ісігіне; ал жүктілік кезінде қызамық жұқтыру – ұрықтың туа біткен ауыр ақауларына себеп болады. Сіреспеге қарсы екпенің болмауы ересектер мен балалар үшін тіпті жеңіл жарақаттың өзінде өлім қаупін тудырады. Туберкулезге қарсы егілмеген адамдарда бұл аурудың ауыр түрімен сырқаттану қаупі ондаған есе жоғары.
Халықтың эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін өңірдегі екпемен қамту көрсеткіші кемінде 95% болуы қажет.
Екпеден бас тартудың мүмкін салдары:
Екпеден бас тарту – жеке шешім, алайда мұндай қадам баланы қауіпті инфекциялардан қорғаныссыз қалдырып, ауыр асқынулардың даму ықтималдығын едәуір арттырады. Вакцинация – өмірге қауіп төндіретін аурулардың алдын алудың және денсаулықты сақтаудың сенімді жолы.
Ақсу қ. СЭББ бас маманы И.А. Калёнова