Құтырудың алдын алу

Құтырудың алдын алу

Құтыру – бұл орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануымен сипатталатын, емделмеген жағдайда, әдетте өліммен аяқталатын адамдар мен жануарлар үшін аса қауіпті жұқпалы дерт.
Құтырудың инкубациялық кезеңі әдетте 1-3 айды құрайды, бірақ осы кезең құтыру вирусының енген жері және вирустық мөлшері сияқты факторларға байланысты 1 аптадан 1 жылға дейін созылуы мүмкін.
Құтыру вирусы адам ағзасына ауру жануарлардың (үй, ауылшаруашылық, жабайы жануарлар, жарқанат және кеміргіштер) тістеуі, тырнауы, терісі мен шырышты қабығының сілекейі арқылы түседі.
Құтырудың белгілері: дене қызуының көтерілуі, депрессия, ұйқысыздық, мазасыздық, тістеген жердің ауыруы, дыбыс пен жарықтан тітіркенгіштігі, аяқ-қол бұлшықеттерінің тартылуы, құтыру, қорқыныш, елестеулер, сілекейдің көп мөлшерде бөлінуі, тыныс алу бұлшықеттерінің тұншығуы және булығуы байқалады.
Жануарлар, әсіресе ауру, белгісіз немесе жабайы жануарлар тістеген, тырнаған, сілекей ағып кеткен жағдайда:
- ең алдымен жараларды, сызаттарды көп мөлшерде кір сабын қосылған сумен жуыңыз,
-травматология пункттерінде немесе хирургиялық бөлмелерде көмек алу үшін дереу медициналық мекемеге жүгіну қажет.
Құтыру ауруының алдын алудың бірден-бір құралы құтыруға қарсы антирабиялық екпе болып табылады, оның тиімділігі медициналық көмекке жүгіну мерзіміне байланысты.
Есіңізде болсын: әрбір өткізіп алған күн өмірге қауіп төндіреді!

Ақсу қалалық СЭББ бөлім басшысы К Сагитова

Дата публикации
12 января 2026