Көміртек тотығы — үнсіз қаскүнем.
Оны көрмейсің, естімейсің, сезбейсің. Инспектор болып жұмыс істей жүріп, адамдардың қарапайым қателіктер салдарынан: тартылудың нашарлығынан, бітелген мұржадан немесе пештің ақауынан денсаулығынан айырылып, тіпті қайтыс болып жатқанын жиі көремін.
Сондықтан біз алдымен өзімізден бастадық — үйге көміртек тотығының дабылқаққышын орнаттық. Кішкентай ғана құрылғы бүкіл отбасын аман алып қалуы мүмкін.
Үйіңізде пеш немесе газ жабдығы болса — міндетті түрде датчик орнатыңыз.
Қауіпсіздік өзіңізден басталады.
Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б