Ақсу қаласының ТЖБ қызметкерлері құтқарушылармен бірлесіп, су айдындарында профилактикалық рейд жүргізді.

Ақсу қаласының ТЖБ қызметкерлері құтқарушылармен бірлесіп, су айдындарында профилактикалық рейд жүргізді.

 

Қызметкерлер тұрғындарға мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін еске салды.

 

Серуендеу немесе балық аулау қауіпсіз болуы үшін мына қарапайым ережелерді есте сақтаңыз:

Мұзға тек жеткілікті қалыңдық кезінде ғана шығыңыз.

 Қауіпті аймақтардан аулақ болыңыз: өзен сағалары, жылы су ағатын жерлер, қамыс өскен аумақтар мен мұздың қара дақтары.

 Өздеріңізбен әрдайым құтқару құралдарын алып жүріңіз: құтқару кеудешесі, арқан, шилейка, ысқырық.

 Мұз үстінде абайлап жүріңіз: жай басып, жолды таяқпен тексеріп, арақашықтықты сақтаңыз.

 Қараңғы уақытта және алкогольдік мас күйінде мұзға шықпаңыз.

 

Есіңізде болсын: мықты мұз — сіздің қауіпсіздігіңіз, ал бір ғана қате қадам қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!

Дата публикации
18 декабря 2025