Ақсу қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Газбаллон» республикалық акциясы аясында Қалқаман ауылындағы АГЗС-та профилактикалық жұмыс жүргізді.
Іс-шара барысында қызметкерлер газбаллонды жабдық орнатылған автокөліктерді құю кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, автогаз құю станциясының жұмысшыларымен нұсқаулық өткізді. Сондай-ақ ГБҚ-ны пайдалану ережелері мен ықтимал төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл тәртібі еске салынды.
Акцияның мақсаты — газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік мәдениетін арттыру және оқыс оқиғалардың алдын алу.
Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б