Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері полиция бөлімімен бірлесіп, газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану деңгейін арттыруға бағытталған «Газбаллон» республикалық акциясын өткізді.

Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері полиция бөлімімен бірлесіп, газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану деңгейін арттыруға бағытталған «Газбаллон» республикалық акциясын өткізді.

 

Акция барысында қызметкерлер автокөліктерге арнайы «ГАЗ» танымдық белгілерін орнатып, ГБҚ орнатылған автокөліктерді құю ережелері бойынша АГЗС қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

Сондай-ақ газ жабдықтарына тексеріс жүргізіліп, автокөліктердегі өрт сөндіргіштердің бар-жоғы қаралды және жүргізушілерге қауіпсіздік талаптары мен төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары еске салынды.

 

Акцияның мақсаты — қауіпсіздік мәдениетін нығайту және оқыс оқиғалардың алдын алу.

Өзіңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігін сақтаңыз — ережелерді сақтау әрқайсымыздан басталады.

 

Дата публикации
18 декабря 2025