Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері әр үйдегі жеке қауіпсіздіктің маңыздылығын еске сала отырып, «Өзіңнен баста» акциясын қолдауды жалғастыруда.
№12 өрт сөндіру бекетінің бастығы Қайырбаев Серік Саматұлы өз үйіне көміртек газының датчигін орнатып, барша тұрғындарды осыған үлгі болуға шақырады. Мұндай шағын құрылғы қауіп туралы дер кезінде ескертіп, адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Қауіпсіздік қарапайым қадамдардан басталады. Өзіңіз бен жақындарыңыздың амандығын ойлаңыз — бәрі өзіңізден басталады!
Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б