«Қауіпсіз жаңа жыл» акциясы

«Қауіпсіз жаңа жыл» акциясы

 

«Қауіпсіз жаңа жыл» акциясы аясында Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен және кәсіпкерлік бөлімімен бірлесіп, ойын-сауық орындарының иелері мен басшыларымен дөңгелек үстел өткізді.

 

Іс-шараның мақсаты — жаңа жылдық мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тамақтану нысандары мен адамдар көп жиналатын орындарда өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру. Төтенше жағдайлар бөлімі мамандары қатысушыларға өрт қауіпсіздігі талаптарын еске салып, жиі кездесетін заңбұзушылықтарға назар аударды және жауапкершілік шараларын түсіндірді.

Кездесу барысында кәсіпкерлерге ғимараттарды қауіпсіз безендіру, электр гирляндаларын дұрыс пайдалану, эвакуациялық шығу жолдарын талапқа сай ұстау, сондай-ақ нысандарды алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету және қызметкерлерге нұсқама жүргізу бойынша ұсыныстар берілді.

 

Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б

 

Дата публикации
18 декабря 2025