Мәлік Ғабдуллин атындағы қорғау академиясы
Қазақстан Республикасы ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы 2025-2026 жылға күндізгі және сырттай оқу нысанына талапкерлерді қабылдауды жүргізеді. Академия ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен мамандықтар тізбесіне сәйкес ҚР ТЖМ бөлімшелері үшін жоғары кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауды жүзеге асырады.
Академияға жалпы орта немесе кәсіптік орта білімі бар, саптық қызметке және оқуға жарамды деп танылған, түсу емтихандарын сәтті тапсырған Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Академияға қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификат балдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Толық ақпарат алу үшін Павлодар облысы ТЖД кадр жұмысы бөліміне мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: Павлодар қ., Мир к-сі, 14, тел. 53-16-01 немесе Ақсу қаласының Төтенше жағдайлар бөліміне мына мекенжай бойынша: Ақсу қаласы, Вокзальная, 9, тел. 8 (71837) 2-42-24.
Ақсу қаласының ТЖБ