Қызылша

Қызылша
Қызылша - жұқпалы ауру, қоздырғышы вирус болып табылады. Берілу жолы – ауа - тамшылы. Клиниканың өзіне тән ерекшелігі - бөртпе.
Қызылша вирусы ағзаға тыныс алу жолдары арқылы енеді, онда ол көбейіп, қанға енеді. Қанмен вирус әртүрлі органдарға таралады, бадамша бездерге, бауырға, өкпеге, сүйек кемігіне әсер етеді. Қызылша ЖРА-ға ұқсас белгілермен басталады (дене қызуының көтерілуі, жөтел, мұрыннан су ағуы, жас ағу). Бұл жағдай 2-3 күнге созылады, содан кейін ашық қызыл бөртпе пайда болады, бастапқыда бетте, құлақтың артында, содан кейін бүкіл денеге таралады. Қызылша ауруы басқаларға бөртпе пайда болғанға дейін 4 күн және 4 күннен кейін ең жұқпалы болып табылады. Қызылша ортаңғы құлақтың, өкпенің, трахеяның, бронхтың қабынуы, сондай-ақ ми қабығының қабынуы түріндегі асқынулармен қауіпті. Науқас кез - келген асқынудан өлуі мүмкін.
Қызылша кіретін барлық вирустық инфекцияларды емдеу қиын. Қызылшаны емдеуге арналған арнайы препарат жоқ. Антибиотиктер қызылшадан болатын асқынуларды емдеу үшін ғана тағайындалады.
Қызылшадан тек осы ауруға қарсы вакцина алу арқылы қорғауға болады. Екпе 1 жас және 6 жас аралығында жүргізіледі.
Екпеден бас тартқаннан кейін, Сіз асқынулармен, мүмкін өліммен аяқталатын ауыр ауруды таңдайсыз.
Ақсу қ. СЭББ бас маманы И.А. Калёнова

Дата публикации
17 декабря 2025