Көкжөтелдің алдын алу

Көкжөтелдің алдын алу

Көкжөтел – бұл негізінен балалар мен жасөспірімдерде Bordetella pertussis бактериясынан туындайтын жұқпалы ауру.

Көкжөтел белгілері: мұрынның ағуы, орташа жөтел, бірте-бірте жөтел күшейіп, пароксизмалы, бірнеше рет қайталатын жөтелге айналады. Осы әлсірететін жөтел кезінде мидың қан айналымы бұзылып, кислород жетіспеушілігінен психиканың бұзылуына әкеледі.

Көкжөтелден қорғаудың жалғыз сенімді және тиімді әдісі – вакцина. Вакцинаның алғашқы екпесі 2, 3, 4 айдағы балаларға салынады. Ревакцинация 18 айында жүргізіледі және 6 жаста екпе егіледі.

Науқасқа арналған ұсынымдар:

- үйдегі ауаны тазалаңыз. Жиі желдетіңіз, темекі түтінін, каминнің түтінін, өткір химимялық иістерді және т.б. толығымен жойыңыз;

- көп сұйықтық ішіңіз. Су, сорпа – ең жақсы таңдау. Балалардағы сусыздану белгілерін бақылау өте маңызды. Ол белгілер: құрғақ еріндер, көз жасынсыз жылау және сирек зәр шығару сияқты;

- көбірек демалыңыз. Салқын, қараңғы және тыныш жатын бөлме түнгі шабуылдарды жеңілдетеді және аз болады, ал науқас адамның ұйқысы тыныш болады.

Ақсу қ. СЭББ  бас маманы  И.А. Калёнова

Дата публикации
17 декабря 2025