ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу

ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу

Сөйлесу, жөтелу және түшкіру кезінде сілекейдің тамшыларымен вирус сыртқы ортаға тарайды және дем алған кезде жақын маңдағы адамдарға жұғады.

Вирустар ластанған қол, тұрмыстық заттар, ойыншықтар, ыдыс-аяқ, есік тұтқалары арқылы да беріледі.

Тұмаудың белгілері: дене қызуы 38-40 градусқа дейін көтеріледі. Қалтырау, қатты бас ауруы, бас айналу, көз алмасы мен бұлшықеттің ауыруы, көздің жасаурауы мен түйіліп ауыруы пайда болады.

Тұмаудан қалай қорғануға болады?

- уақытында екпе алу;

- жеке бас гигиенасын сақтау;

- үйлесімді тамақтану және салауатты өмір салтын ұстану;

- адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болу;

- үй-жайларды мұқият тазалау, желдету.

Ақсу қ. СЭББ  бас маманы  И.А. Калёнова

Дата публикации
17 декабря 2025