Жаңа жылдық мерекеде тағамнан уланудың алдын алу
Азық-түлікті сатып алу:
-өнімдерді сатып аларда оның жарамдылық мерзіміне, құрамы мен сақтау шарттарына назар аударыңыз;
-азық-түлікті тек рұқсат етілген сауда орындарынан алыңыз. Тамақты интернет арқылы сатып алу ұсынылмайды, себебі оның қандай жағдайда дайындалғаны белгісіз және өндірушілерде өнім сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжат болмауы мүмкін.
Тағамды әзірлеу және сақтау:
-торт пен бәліштерді тоңазытқышта ұстаңыз;
-піскен тамақ пен шикі өнімдерді сақтауға бірге қоймаңыз;
-майонез қосылған тіскебасарларды тоңазытқышта бір тәуліктен артық ұстамаңыз;
-тез бұзылатын өнімдерді бөлме температурасында сақтамаңыз.
Тағамнан уланып қалған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну керек!
Ақсу қалалық СЭББ бас маманы Е. Н. Гулина