Ақсу өңірінде ЖРВИ және тұмау бынша эпидемиологиялық жағдай
2025-2026жж эпидемиялық маусымының басынан бері қалада ЖРВИ-дің 10 153 жағдайы тіркелді. 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы ЖРВИ жағдайлары – 6 359.
2025/2026 эпидемиялық маусымының басынан бері қалада тұмаудың 1 жағдайы тіркелді – АH3N2 типі. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 1, ересектер – 0.
Тұмауға қарсы 6 816 адам егілді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 905. Жалпы өңір бойынша вакцинациямен қамту халық санының 9,6%-ын құрады.
Вакцинациядан бөлек, аурудың алдын алу үшін қарапайым профилактикалық шараларды сақтау маңызды: суық тию маусымында көпшілік жиналатын орындарға барудан бас тарту, қоғамдық орындарға, әсіресе медициналық мекемелерге барған кезде бір реттік медициналық маска тағу, тыныс жолы ауруларының белгілері бар адамдармен қарым-қатынастан аулақ болу.
Отбасы мүшелерінің бірі ауырса, мүмкіндігінше оған бөлек бөлме, жеке сүлгі және ыдыс беру қажет. Жиі желдетіп, ауаны ылғалдандырып, дымқыл тазалық жүргізу ұсынылады.
Ақсу қалалық СЭББ бөлім басшысы К Сагитова