Буып-түйілген тамақ өнімдерін таңбалауға қойылатын талаптар
Тұтыну қаптамасына салынған өнімдер буып-түйілген тамақ өнімдері болып табылады. Азық-түлік өнімдері тұтынушы өнім туралы толық, дұрыс және сенімді ақпарат алатындай таңбалануы керек.
Азық-түлік өнімдерін таңбалау - тұтыну қаптамасында, көліктік қаптамада немесе тұтыну қаптамасында және (немесе) тасымалдау қаптамасы немесе оларға орналастырылған немесе оларға бекітілген басқа да ақпарат тасымалдауышында жазулар, суреттер, белгілер, символдар, өзге де белгілер және (немесе) олардың комбинациялары түрінде қолданылатын тамақ өнімдері туралы ақпарат.
Азық-түлік өнімдерін таңбалау түсінікті, оқылуы оңай, сенімді және тұтынушыларды адастырмауы тиіс, бұл ретте таңбалар, белгілер, символдар таңбаланған фонға қарама-қайшы болуы тиіс. Буып-түйілген тамақ өнімдерін таңбалауда мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс: тамақ өнімдерінің атауы; құрамы; саны; дайындалған күні; жарамдылық мерзімі; сақтау шарттары; дайындаушының атауы және орналасқан жері; пайдалану жөніндегі ұсынымдар және (немесе) шектеулер; тағамдық құндылық көрсеткіштері; тамақ өнімдерінде ГМО қолдану арқылы алынған компоненттердің болуы туралы мәліметтер; Кеден одағына (ЕАС -белгісі) мүше -мемлекеттердің нарығында өнім айналысының бірыңғай белгісі.
Ақсу қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тұтынушыларды өнім таңдау кезінде абай болуға және азық-түлік тауарларын сатып алу кезінде таңбалауға назар аударуға шақырады.
Ақсу қ. СЭББ бас маманы И.А. Калёнова