Вакцинация – бұл жұқпалы аурулардың таралуына қарсы тұрудың жалғыз, әрі ұтымды жолы
Қазақстанның Үкімет қаулысымен бекітілген Егу күнтізбесі бар, онда көрсетілген жоспарлы вакциналаудың барлығы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Вакциналау – жұқпалы аурулардан қорғанудың ең тиімді әрі сенімді жолы. Профилактикалық екпелермен жоғары деңгейде қамту ұжымдық иммунитет қалыптастыруға ықпал етеді, осылайша иммунизация жұқпалы аурулардан қорғап қана қоймай, жалпы қоғам денсаулығына оң әсер етеді.
Профилактикалық егулер туберкулез, гепатит, полиомиелит, көкжөтел, дифтерия және сіреспе, b типті гемофильді инфекция, қызылша, қызамық және паротиттен, сондай-ақ пневмококк және басқа да инфекциялардан қорғайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне 2 дозалық тәртіпте 11 жастағы қыздарға адам папиллома вирусына қарсы вакцинация енгізілген.
Вакцина алыңыз! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.
Ақсу қ. СЭББ бас маманы И.А. Калёнова