Топырақтың жай-күйіне санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг
Топырақты қорғау – адамның санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етудегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Топырақтың санитариялық жағдайы оның эпидемиялық және гигиеналық тұрғыдан қаншалықты қауіпсіз екендігін анықтайды.
Айналадағы ортаның жай-күйі мен адамның денсаулығы арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтау мақсатында Ақсу қаласы мен оның ауылдық округтерінде мамыр-қыркүйек айларына дейін топыраққа санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізіледі.
Жылы кезеңде көпшілік демалатын, шомылуға, туризм мен спортқа арналған орындарға ерекше көңіл бөлінеді. Мониторинг барысында топырақтың микробиологиялық, паразитологиялық көрсеткіштері мен ауыр металдар тұздарының мөлшері анықталады.
2025 жылдың мамыр–қыркүйек айлары аралығында өңірдегі рекреациялық орындардан зертхана жағдайында 93 топырақ сынамасы микробиологиялық, 87 сынама ауыр металдар тұздарының мөлшері бойынша және 103 сынама паразитологиялық зерттеулер бойынша зерттелді. Зерттеу көрсеткіштері гигиеналық нормативтерге сәйкес келеді.
Ақсу қалалық СЭББ бөлім басшысының м.а. Ш. Қ. Ахметова