Атмосфералық ауаның жай-күйіне мониторинг нәтижелері

Атмосфералық ауаның жай-күйіне мониторинг нәтижелері

        Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг – бұл адамдардың денсаулығын және қоршаған ортаның жағдайын бақылауға мүмкіндік беретін жүйе. Ол химиялық заттар, шум, микробтар немесе тіпті әлеуметтік жағдайлар сияқты әртүрлі факторлардың денсаулыққа қалай әсер ететінін түсінуге көмектеседі.

      Мониторинг арқылы денсаулықты қорғау шараларының қаншалықты тиімді екенін бағалап, ықтимал проблемаларды алдын ала болжауға болады.

Елді мекендеріміздегі ауаның қауіпсіз болып қалуы үшін, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандарының қатысуымен Ұлттық сараптама орталығы тоқсан сайын 12 бақылау нүктесінде атмосфералық ауаға өлшеулер жүргізеді. Мұндай өлшеулер кезінде ауадағы зиянды заттардың бар-жоғына сынама алынады.

           Ең қауіпті заттар да, ұзақ әсер еткен жағдайда денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін азырақ қауіпті заттар да өлшенеді.

       2025 жылдың ағымдағы кезеңінде атмосфералық ауа бойынша 2546 зерттеу жүргізілді. Рұқсат етілген нормативтердің асуы анықталған жоқ.

       Ауаның сапасын жақсарту үшін тек мемлекеттің ғана емес, әрбір адамның қатысуы қажет.

Мысалы, жеке көлікті пайдалануды азайтып, жаяу жүру немесе велосипедпен жүруді жиірек таңдауға болады. Жеке сектор тұрғындары үшін көмірден табиғи газға көшу туралы ойлану маңызды — бұл анағұрлым таза әрі қауіпсіз отын.

Қоршаған ортаға жанашырлық танытатын адамдар көбейген сайын, тыныстап жатқан ауамыз да соғұрлым таза болады.

Ақсу қалалық СЭББ бөлім басшысының м.а. Ш. Қ. Ахметова

Дата публикации
04 декабря 2025