Бүгін іздестіру шаралары жалғастырылды.
Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері Павлодар облысы ПД қызметкерлерімен бірлесіп, 5 қараша күні хабар-ошарсыз кеткен 1968 жылы туған ер азаматты іздеу жұмыстарын жүргізді.
Іздестіру жұмыстары Сәтпаев каналының бойынан, қаланың шекарасына іргелес жатқан далалық аумақта, сондай-ақ Беловка шағын ауданындағы саяжай алқабында ұйымдастырылды. Іске Павлодар облысының ТЖД мен ПД күштері мен техникасы жұмылдырылды.
Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б