Павлодар облысының ТЖД қызметкерлері Павлодар облысының ПД қызметкерлерімен бірлесіп, 5 қарашада жоғалып кеткен 1968 жылғы ер адамды іздестіру жұмыстарын жүргізуде.
Бірлескен іздестіру шаралары Еңбек ауылының далалық аймағында ұйымдастырылған, оған Павлодар облысының ТЖД-дан 28 қызметкер, 8 бірлік техника, БПЛА және 2 кинологиялық есеп, сондай-ақ Павлодар облысының ПД-нан 16 қызметкер, 8 бірлік техника және 2 кинологиялық есеп жұмылдырылды.
Іздеу жұмыстары аумақты тізбектелген әдіспен түгелдей қарау арқылы жүргізілді. Қиын қолжетімді және қашық аймақтарды тексеру үшін әуеден барлау жүргізуге және жоғалған адамға қатысты мүмкін іздерді жедел анықтауға мүмкіндік беретін ұшқышсыз ұшу аппараты белсенді пайдаланылды. Жерүсті техникасы іздеу аумағын кеңейтуге және жеке құрамды тасымалдауға қолданылды. Қызметтік иттермен бірге жұмыс істейтін кинологиялық есептер ізді тауып, қауіп төндіруі мүмкін және жасырын жерлерді тексерді.
Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б