Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жеке тұрғын үй секторында аулаларды аралау жұмыстарын жүргізуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – өрттердің алдын алу және жылыту маусымында халықтың қауіпсіздік деңгейін арттыру.
Аула аралау барысында қызметкерлер тұрғындарға жылыту қондырғыларын, электр және газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану ережелерін еске салып, өрт шыққан жағдайда іс-қимыл тәртібін түсіндіреді, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша ақпараттық жадынамалар таратады.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар төтенше жағдайлардың алдын алуға және азаматтардың өмірі мен мүлкін сақтауға бағытталған.
Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б