Электроқыздырғыштар: қауіпсіз пайдалану ережелері

Электроқыздырғыштар: қауіпсіз пайдалану ережелері

 

Қыста электроқыздырғыштар жиі қолданылады, бірақ олар дұрыс пайдаланылмаған жағдайда өрттің себебі болуы мүмкін.

 

Қауіптері

  • Кабель немесе розетканың қызып кетуі, қысқа тұйықталу
  • Жанында жанғыш заттардың болуы
  • Дұрыс жұмыс істемейтін немесе өз қолымен жасалған құрылғылар
  • Ұзақ уақыт қараусыз жұмыс істеу

 

Қауіпсіз пайдалану ережелері

  1. Қыздырғышты мебель, перде, киім сияқты заттардан кемінде 1 метр қашықтықта ұстаңыз.
  2. Құрылғыны матамен немесе қағазбен жабуға болмайды.
  3. Тек жарамды, сертификатталған қыздырғыштарды пайдаланыңыз.
  4. Бақылаусыз қалдырмаңыз, әсіресе түнде немесе үйде балалар болса.
  5. Құрылғыны тікелей розеткаға қосыңыз, удлинитель немесе тройник қолданбаңыз.
  6. Кабель мен штепсельдің зақымдалмағанын үнемі тексеріп тұрыңыз.

 

Егер қыздырғыштан түтін немесе искра шықса

  • Дереу желіден ажыратыңыз.
  • Қауіпсіз жерге жылжытып, жанғыш заттардан алыс қойыңыз.
  • Қайта қосуға тырыспаңыз.

 

Қорытынды

Электроқыздырғыш дұрыс қолданылса қауіпсіз және ыңғайлы. Негізгі қағида — абай болу және қараусыз қалдырмау, әсіресе балалар мен қарттар бар үйде.

 

Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б

 

Дата публикации
26 ноября 2025