Өрт сөндіргішті пайдалану ережелері
Өрт сөндіргіш шағын өртті бастапқы кезеңде өшіруге көмектеседі. Оны дұрыс қолдану өте маңызды.
Өрттің шағын екеніне және шығу жолының ашық екеніне көз жеткізіңіз.
Манометрді тексеріңіз — көрсеткі жасыл аймақта болуы керек.
Өрт сөндіргіш түрі осы өртке сәйкес келетінін анықтаңыз.
Шығу есігіне арқаңызбен тұрыңыз.
Өрттің түп негізіне бағыттап себіңіз.
Қысқа, бірқалыпты басып өшіріңіз.
Қашықтықты 1,5–2 метр сақтаңыз.
CO₂ (көмірқышқыл) өрт сөндіргішінің раструбын жалаң қолмен ұстамаңыз — қатты тоңазытады.
Пeнa өрт сөндіргішімен құрамында электр тогы бар құрылғыларды өшірмеңіз.
Өрт үлкейе бастаса — дереу шығып кетіңіз.
Міндетті түрде 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыз.
Өрт сөндіргішті қайта толтыруға (перезарядка) жіберіңіз.
Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б