Зимой риск пожаров резко увеличивается. Основные причины — неисправные печи, дымоходы, перегрузка электросетей и неправильное использование обогревателей.

Қыста өрт шығу қауіптілігі бірнеше есе артады. Негізгі себептер — пештің, мұржаның ақауы, электр желісінің шамадан тыс жүктелуі.

 

Пешті қауіпсіз жағу

                  Маусым алдында мұржаны тексеріңіз.

                  Пешке тым көп отын салмаңыз.

                  Пешті қараусыз қалдырмаңыз.

                  Пешті түнде жақпаңыз.

                  Жиһаз бен перделерді пештен 1 метр қашықтықта ұстаңыз.

 

Тыйым салынады:

қолдан жасалған обогревательдер;

арзан ұзартқыштар;

құрылғыны киіммен жабу;

қараусыз қосулы қалдыру.

Газбен жылыту

                  Құрылғыларды тек маман орнатуы керек.

                  Газ плитасын жылыту үшін қолданбаңыз.

 Қауіптің алдын алу

                  Үйге түтін датчигін орнатыңыз.

                  Ыңғайлы жерде өрт сөндіргіш болсын.

                  Балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріңіз.

Өрт болған жағдайда:

  1. 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
  2. Адамдарды сыртқа шығарыңыз.
  3. Заттар үшін қайта кірмеңіз.

 

Ақсу қаласының ТЖБ инженері а/қ лейтенанты Тапалов А.Б

 

Дата публикации
26 ноября 2025